Шымкенттік балалар эпоксидті шайырдан ұлттық нақыштағы әшекейлер мен эстетикаға толы әсем бұйымдарды жасап үйренді. Суретші, қолөнер шебері Айман Тельходжаева өзінің қолынан шыққан әр туындысын шеберлік сағатына келген бүлдіршіндерге таныстырып, қолөнерге икемі бар оқушыларға ұлттық әшекей жасаудың қыр-сырымен бөлісті.


 Айман Тельходжаева – кәсіби суретші. Десе де, ұзақ жылдардан бері ұлттық жанрдағы өнерді насихаттап, қолөнерді дәріптеп жүр. Осыған дейін 500-ден аса балаға шеберлік сағаттарын өткізіп, шәкірттерінің қолынан шыққан бұйымдар көрмелерге қойылып, сатылымға да шығып үлгеріпті.


 АЙМАН ТЕЛЬХОДЖАЕВА, ШЕБЕР

Бүгінгі іс-шарамыз конституцияның 30 жылдығына арналады.қазақша нақышта әшекей жасайын деп жатрмыз балалармен . Олардың жұмысына қарап, сондай таң қаламын. Бізді бала күнімізде мұндай мүмкіндіктер болмады. Ондай материалдар жоқ еді. Ал, қазір бұлар бақытты деп ойлаймын. 


 Шебер эпоксидті шайырдан бөлек, ағаш, керамикамен де кәдеге жарар дүниелер жасап шығарады. Әр бұйымы эстетикаға толы, әрі қайталанбайды. Бұл дағдысын бойына сіңірген тәлім алушылары да бүгінде сырға, алқалардан бастап, түрлі кәдесыйларды жасап үйреніп, Республикалық деңгейдегі байқауларда топ жарып жүр.


АРУЖАН ЖАНТӨРЕ, ОҚУШЫ

Біз бұл бұйымдарды жасау үшін алдымен шайырды құйып, формасына келтіріп аламыз. Сосын өзіміз қалаған тастармен, неше түрлі гүлдермен әсемдейміз. Маған оның барлығын Айман апайым үйретті. Келгеніме 1 ай болса да аз уақыттың ішінде неше түрлі бұйымдар жасап, ата-анама, туыстарыма сыйға тартып жүрмін .


Соңғы уақытта жасынан бастап жасымысына дейін қолөнерге деген қызығушылық артқан.Әсіресе, жұрт қолдан жасалған бұйымдарды көптеп қолдана бастады. Шебердің ендігі межесі шеберханасының ауқымын кеңейтіп, шәкірттерінің санын арттыру.