8 Отбасы жаңа пәтерге көшіріледі. Көксай шағынауданы, Нұрлыбаев көшесіндегі № 3-ші үйдің тұрғындары Шымкент сити мен Тұран шағынауданына қоныс аударады. Реновация бағдарламасы арқылы жаңа баспанаға иелік ететіндер бүгінге дейін тозығы жеткен екі қабатты үйде күнелтіп келген. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындарға жаңа пәтердің кілтін табыстады.


 Әсел Убесова – 6 баласымен апатты деп танылған ескі ғимаратта күнелтіп келген. Сөзінше екі қабатты баспана көне болса да қыста жылы жаңбырлы күні шатырдан су сырғаламайды екен. Ол Шымсити шағынауданында көпқабатты жаңа пәтерде қоныс тойын тойлауды жоспарлап отыр. 90 шаршы метр болатын үш бөлмелі пәтер бұйырыпты.


ӘСЕЛ УБЕСОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

 Енді үйлердің тозығы жеткен аллаға шүкір реновация бағдарламасымен үйлеріміз ауысып, кеше үйлерді көрсетті. Біреулерге Шымситидан кейбіреулеріне Тұран шағынауанынан беріліп жатыр. Керемет үйлері. Көршілердің барлығы риза болып отыр. Құжаттарын барлығын тексердік, барлығы риза. Басқа да көршілерімізге жұғысты болсын.


Қолына жаңа пәтер кілтін алғандардың тағы бірі Шакизат Бекенова. Екі баланың анасы 3 немересімен Шымситиға қоныс аудармақшы. Қуанышын жасыра алмаған ол жауаптыларға алғысын жеткізді.


ШАКИЗАТ БЕКЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Енді мына үйді айтсам өте тамаша соғылған. Біздің бүкіл көршілер сол жақта екен. Енді сапасы да креемет. Жұрттар айтады ғой жаңа үй анау-мынау деп. Мен олай айта алмаймын. Дворы да көлік тұрағы да үлкен. Жанында жақын дейді, мектеп бала бақша бар екен. Барып көрмедім, келінім барып көреді ғой. Әкім мырзаға үлкен алғыс айтқым келеді. Оның қасында жүрген азаматтар қаншама. Отбасылары аман болсын.


Кілт табыстауға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысып, тұрғындардың қуанышына ортақтасты. Пәтерлер «дәлме-дәл» форматында берілген. Яғни тұрғынның ескі үйі неше бөлмелі болса, беріліп жатқан жаңа пәтердің де бөлмесі сонша. Көксай шағынауданында ескі үйлер көп. Мұнда 23 үй апатты деп танылған. Басымы екіқабатты ғимараттар.


 МАРАТ ТОМПАЕВ, «SHYMKENT» ӘКК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Осы жерде 2 қабатты 23 үй бар. Соның барлығын көшіреміз. Биылға жоспарда тағы 12 үй тұр. Келесі жылы 11 үйді көшіреміз. Көшірген 7 үйге бір миллиардтан астам ақша жұмсап жатырмыз. Бір үйлерде 22 пәтер бар, бір үйлерде 7 пәтер бар. Өткенде біреуінде 19 пәтер болды. Әр үйдің құны әртүрлі болып жатыр. Бұл жақта енді 2 бөлме 42 квадратқа біз 65 квадтар беріп жатырмыз. 3 бөлмелі пәтерлер 53 кв ға 85-90 кв пәтер беріп жатырмыз. БАрлығы ШЫмсити мен тұран шағынаудандарында.


Айта кетейік бұған дейін 7 үйден 100 ден аса отбасы реновация бағдарламасы арқылы баспанасын жаңартып үлгерген.