«Теріс ағымдарға, қазақтың болмысына жат идеологияларға тосқауыл қою қажет екеніне еш күмән жоқ». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында осылай деген еді. «Елімізде дін бостандығына кепілдік берілген.


Бірақ жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке жол беруге болмайды деп, теріс пиғылды азаматтардың іс-әрекетін сынға алған болатын. Ұранды ойды негізге алған өңірлік комиссия «Терроризмге жол жоқ!» тақырыбында акция ұйымдастырды. Баннерлер мен плакаттарға арнайы ақпараттар жазылып, теріс жолдың әлегі жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиынға 400-ден аса азамат қатысты. Қатарында зиялы қауым өкілдері мен құзырлы орган қызметкерлері, балалар мен жастар, спортшылар, сарбаздар бар. Іс-шара барысында облыстық дін істері басқармасымен және Ұлттық ұланның 5575 әскери бөлімі дайындалған «Терроризм – тұтастықты бұзатын қатер» атты бейнероликтер көрсетілді. Сахналық қойылым құрылып, жат ағымның зиянды сипаты баяндалды. Патриоттық әндер шырқалып, еліміздің басқа өңірлеріне челлендж жолданды.


ЖОРАБЕК ЖАЛҒАС, ДІН МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

«Басты мақсат жастар арасында осындай экстримистік оқиғаларға жол бермеу. Жастар арасында имунитет қалыптастыру. Көріністік қойылды.»