Құқықтық мәдениетті қалыптастыру маңызды. Осы мақсатта Ордабасы ауданында арнайы дөңгелек стөл ұйымдастырылды.
«Заң мен тәртіп» қағидатын жан-жақты ұғындырған кездесуге құқық қорғау органдарының өкілдері, жергілікті билік және қоғамдық ұйым мүшелері қатысты. Олар тұрғындарға заң талаптары мен құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ, мамандар азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң алдындағы жауапкершілік туралы кеңінен ақпарат берді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап айтылып, өзекті мәселелер талқыланды. Тұрғындарға арнайы құқықтық жадынамалар мен түсіндіру парақшалары таратылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.