Шымкент қаласындағы №7 емханада қарттарға арналған ашық есік күні өтті. Оған 60 жастан асқан азаматтар тартылды. Олар тегін медициналық кеңес алып, толықтай тексеруден өтуге мүмкіндік алды. Игі іске арна тілшісі де қатысып қайтқан еді, сюжетке кезек берейік.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған іс-шара барысында терапевт, ЛОР, офтальмолог, стоматолог және онколог секілді мамандар егде жастағы адамдарды қабылдап кеңес берді.
НҰРЛАН ЖАҢАБАЕВ, №7 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ
Егде жастағы тұрғындарға ашық есік күнін ұйымдастырып жатырмыз. Ашық есік күнінің мақсаты егде жастағы тұрғындардың өмір жасын ұзарту сонымен қатар, сапалы медициналық қызмет көрсету
Ашық қабылдау шарасына қатысқан қарт тұрғындар игі бастамаға өз ризашылықтарын білдірді. Солардың бірі - 73 жастағы Сердар Несипов. Ол бұл емханаға тегін дәрі алу үшін келген. Дәрігерлердің кеңесіне де жүгініп, қосымша тексеруден өткеніне де қуанышты екенін жеткізді.
СЕРДАР НЕСИПОВ, ЗЕЙНЕТКЕР
Қызмет көрсету сапасы бәрі жақсы, дәрігеріміз Эльмира Нуралиева, медбике қыздар да жақсы қызмет көрсетеді.
Ашық есік күні қарттар үшін дер кезінде кеңес алып, тегін көмекке жүгінудің тиімді мүмкіндігі болды. Дәрігерлер мұндай игі іс алдағы уақытта да жалғасатынын айтады.