Бір күнде 600-ге жуық студент филолог маманы атанды. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ түлектерін ұшырды. Төрт жыл көз майын тауысып білімін шыңдаған шәкірттер білім ордасымен қоштасты.


Тамырын тереңге тартқан университетте шәкірт тәрбиесі жүйелі жолға қойылған. Қара шаңырақ тіл мамандарын шығаратын конвейерге айналған. Биылғылардың ішінде 55-сі үздік диплом алып отыр. Бұл жолғы салтанатты шараға тек филология факультетінің түлектері жиналды.


МАДИНА ДҮЙСЕНБЕК, БІТІРУШІ ТҮЛЕК

Студентік шығым өтте қызықты өтті ол үшін осы берген оқу ордамма және өзімнің достарыма алғысымды білдірем универсет берген білім өтте көп жеттістікке жеттелейтің айтқым келеді 00:21 КСМ: Бітірушілердің қуанышында шек жоқ. Төрт жыл төккен тері ақталып, алған дипломының жемісін жегелі тұр. Шәкірттер мантия киіп іс-шараның ажарын ашты. Ұстаздар жастарға сәттілік тілеп, ақ батасын берді.


ГҮЛЖАН СҮГІРБАЕВА, ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ РЕКТОРЫ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Бүгін біздің университет үшін ерекше күн. Өйткені 90 жылдық тарихы бар университет түлектер легін шығарып жатырмыз. Әрине біз өте қуаныштымыз. Түлектерімізге ақ жол тілейміз.Айтқым келет биыл бүгін мынау филология факултетті бойынша 300 ден астам стеуденті диплом алайын деп жатыр


90 жылдық тарихы бар университет 80 мыңнан астам түлек ұшырған. Білім ордасы үшін 2025 жыл толағай табысты болып отыр. Ұлттық рейтинг бойынша Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ 5 педогогикалық оқу орындары арасында алдыңғы қатарда.