Үкіметтің инвестициялық жобалардың тізімін жасақтау жөніндегі тапсырмасы бойынша жұмыстар қарқын алған. Облыс әкімінің қадағалауымен елге кіріп жатқан тауарларға талдау жүргізіліп, импортты азайтып, экспортты ұлғайту жұмыстары жандана түскен. Аталған мәселе Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде талқыланды.
Өңір басшысы өндіріс орындарын ашып, терең өңдеуге басымдық беріп, отандық нарықты қамту керектігін айтты. Бұл импортқа деген тәуелділіктен арылатын нақты қадам. Өңір басшысы жауаптыларға осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру қажетін ескертіп, бірқатар тапсырма берді.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметовтың айтуынша, импортты алмастыратын 6 сала, 31 өнім бойынша талдау жүргізілген. Аталған салаларда импортты алмастыратын 65 инвестициялық жоба бар. Оның 28-і биыл, 26-сы келесі жылы және 11-і 2027 жылы іске асады деп жоспарланған. Инвестициялық жобалардың жалпы құны – 707 млрд. теңгені құрайды. Жоба саны мен қаржы көлемі ұлғаюы мүмкін.
НҰРЖІГІТ МЫРЗАХМЕТОВ, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Импортқа тәуекелділікті төмендету мақсатында агроөнеркәсіптік кешенінде инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша 10 бағыт айқындалған. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаев баяндама жасады. Айтуынша, сүтті терең өңдеу, ет экспортын арттыру бойынша жаңа кәсіпорындар ашылып, жобалар жүзеге асырылып жатыр. Сонымен бірге алдағы уақытта құс шаруашылығын дамыту, көкөніс сақтау қоймаларының сыйымдылығын арттыру, өнімдерді терең өңдеу бойынша да бірқатар жұмыстар күшейтілмек.
ФАЙЗУЛЛА БАЙДУЛЛАЕВ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Жиында бірқатар мәлесе көтеріліп, атқарылып жатқан жобалар жан-жақты талқыланды. Нұралхан Көшеров жауаптыларға жұмыстарды ширату қажетін қайталап, бірқатар тапсырмаларды жүктеді.