Күй құдіреті – халықтың жүрегіне жол табатын ұлы өнер. Биыл қазақ музыкасының абызы, ұлы сазгер, күйші Нұрғиса Тілендиевтің туғанына – 100 жыл. Осыған орай Түркістанда «Тұран даласының күйшілері» атты байқау өтті. Ұлттық домбыра күні қарсаңында ұйымдастырылған сайыс келесі бейнематериалда.
Байқауға 8-21 жас аралығындағы жас домбырашылар қатысты. Үміткерлер екі топқа бөлініп, екі кезең бойынша сынға түсті. Алғашқы айналымда Нұрғиса Тілендиевтің күйі орындалса, екіншісінде қазақтың шертпе күйлері тартылды.
ҚАДЫРБОЛАТ МҰСАҒАЛИЕВ, МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Биылғы жыл біздер үшін музыка өнері үшін табысты жыл депайтуға болады. Өйткені жаңа ғана таныстырып өтті. Қазақ музыкасына жалпы мынау күй өнерін өшпес артына із қалдырған бұл Нұрғиса бабамыздың есімін ұлықтау. Шілде айы өздеріңіз білесіздер қазағымыздың ұлттық брэндіне айналған домыра күні. «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп, жайдан-жай айтылмаған. Қазағымыздың ғана емес, бүкіл әлемнің сүйсініп тыңдайтын музыкалық аспабына айналды.
Байқауға жалпы 26 күйші қатысты. Солардың бірі – Түркістан қаласының тумасы Нұрасыл Бақытбекұлы. Домбыра үйірмесіне бастуыш сыныптан бастап қатысады екен.
НҰРАСЫЛ БАҚЫТБЕКҰЛЫ, ҮМІТКЕР
Мен домбыраға тоғыз жасымнан қатысып келемін және де осы жарысқа бүкіл концерттерге дайындап жатқан ағайыма рахмет айтамын.
Ұлы сазгердің 100 жылдық мерейтойына арналған бұл байқау - ұлттық рухты оятатын, төл өнерімізді ұлықтайтын тағылымды іс-шара болды. Мұндай байқаулар күй өнерін насихаттап қана қоймай, талантты жастардың жолын ашатын маңызды алаңға айналып отыр.