Киелі шаһарда мемлекеттік қызметшілер галстукты допқа айырбастады. Тұрақты емес, уақытша. Олар жасыл алаңда футболдан Түркістан қаласы әкімінің кубогіне таласты. Үздік ойын көрсетіп, өзара мықтыны анықтады.


Турнир «Нұр сауықтыру» кешенінде өтті. Жарыстың басты мақсаты: мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты насихаттап, ұжымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту.


ҚАДЫРБОЛАТ ҚАБДЫРҰЛЫ, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Жалпы Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер күніне арналған іс-шарамыз бастау алды. Спортпен айналыстаын әріптестеріміздің қатарын көбейту. Әрине қызмет барысында жүргенненде бұл спортты адам жанына серік қылу керек.


Жарыс қортындысы бойынша бірінші орынды Түркістан қаласының мониторинг және жедел әрекет ету орталығы жеңіп алды. Ал екінші орынға Түркістан қаласы әкімдігінің командасы жайғасты. Үздік үштікті «Түркістан Жарық Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі түйіндеді.


НҰРСҰЛТАН АМАНГЕЛДІ, ҚАТЫСУШЫ

Бүгін әкімнің кубогымен ұйымдастырылып жатқан ойын өте тартысты керемет өтуде. 04-53. Керемет ойын көрсетудеміз. Осындай ойындар жиі-жиі болып тұрса біз қуанамыз.


ҒАППАР АМАНТАЙҰЫЛЫ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ

Осы сайысқа қатысып жатқан спортшылар жеңісінің биік тұғырынан көрінсін. Жаңа Қазақстан оның ішінде таза Қазақстаноның ішінде Түркістан болу керек. Осындай шаралар көп ұйымдастырла беру керік.


Мемлекеттік қызмет тың ой мен сергек көңіл-күйді талап етеді. Ал спорттық сайыстар қайта күш жинап алуға бірден-бір себеп. Сондықтан мұндай жарыстар дәстүрге айналған. Жылда жалғасын табады.