Бүгін «Ауыл» партиясының өңірлік филиалдар активтерінің топтастырылған семинары өтті. Жиынға орталық аппарат өкілдері мен оңтүстік өңірлік филиал төрағалары және партияның белсенді мүшелері қатысты.
Семинар барысында саяси ұйымның қызметі, алдағы жоспарлары мен сайлауалды бағдарламаның орындалу барысы кеңінен сөз болды. Сондай-ақ аймақтардағы идеологиялық жұмысты жандандыру жолдары бойынша ақпарат беріле отырып, партия активінің қазіргі заманға сай белсенділігін арттыру жолдары талқыланды.
ҚУАНЫШ СЕЙІТЖАНОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Өткен жылдан бастап өткізіліп келе жатқан семинардың мақсаты — өңірлік деңгейде партия жұмысын үйлестіру. Сонымен қатар, филиалдар арасындағы байланыс пен тәжірибе алмасуды нығайта отырып, партия мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыруды көздейді.
ҚАНАТБЕК ДОСАЛИЕВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Семинарда сөз алған спикерлер «Қоғамдық пікірді қалыптастыру мәдениеті», «Жастармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері» және де «Аймақтық саясатты жүзеге асыру» сынды қоғамдағы бірқатар өзекті мәселелерді қозғады. Партия жұмысын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар айтылып, бастамалар талқыланды. Осы орайда, саяси үгіт-насихат жүргізу, әлеуметтік желілерде жұмыс істеу, сондай-ақ қоғаммен байланыс орнату бағыттары бойынша топтастырылған тәжірибелік сабақтар өтті. Бұл шаралар өңірлік филиал қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын арттыруға, заманауи талаптарға бейімделуге мүмкіндік бермек.
ҒАЙНИЯ ЕСЕЕВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
“Ауыл” партиясы алдағы уақытта да осындай оқыту форматтарын жүйелі түрде өткізіп, өз мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыруды көздеп отыр. Бүгінде республика бойынша партияның 300 мыңнан астам мүшесі бар болса, оның басым бөлігі оңтүстіктен екен.