Түркістан облысында 1 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы ұсталды. Ол жер учаскелерін рәсімдеуге жәрдемдесемін деп уәде беріп, қомақты қаржы сұраған.
Өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаментінің дерегінше, шенеунік Түркістан қаласының тұрғынынан алған. Департамент басшысы қазір сот санкциясымен 2025 жылдың 28 маусымында қамауға алынды. Ал, қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.