Мегаполисте 10 өрт сөндіру бөлімі жұмыс істейді. Жер көлемінен еліміздегі ең үлкен қалаға бұл бекеттер аздық етеді. Күн санап зәулім ғимараттар бой тіктеген шаһарда өрт қауіпсіздігі күнтәртіптен түскен емес. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Олжас Құспеков Шымкент қаласына сапары аясында бірқатар нысандарды аралады. Халық қалаулысы төтенше жағдайлар департаментінің жұмысымен танысып, бірқатар мәселелерді талқыға салды.
Жергілікті атқарушы орган азаматтық қорғау саласына тиісті қолдау көрсетеді. Қазіргі таңда Шымкентте жұмыс істеп тұрған өрт сөндіру бөлімдері жеткіліксіз. Жалпы, норматив бойынша 22-ге жетуі тиіс. Осыған байланысты биыл тағы 5 өрт сөндіру бөлімінің құрылысы жүргізілмек, - дейді департамент бастығының орынбасары.
БЕКЗАТ ҚАМБАРОВ, ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бұдан алдында біздің департаментке депутаттар келген мәселелер көтерілген Қазіргі таңда үкімет жергілікті атқарушы тарапынан бізге өте үлкен көңіл бөлініп келеді. . Жабдықтау мәселесінде укөмектерін беріп жатыр.
Қала халқы жылдан-жылға өсіп келеді. Одан бөлек, Шымкент қаласы ыстық аймақтардың бірі болғандықтан, өрт қауіпсіздігі басты назарда тұратын мәселе. Respublica партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты қазіргі таңда материалдық-техникалық базаны жаңғыртуға көңіл бөлу қажет екенін айтты. Департаментті аралап, бүгінгі жай-күйін саралаған Олжас Құспеков өз ойымен бөлісті.
ОЛЖАС ҚҰСПЕКОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Қазіргі жағдайда техниканың жаңартылуыы барлық жақта. Алдында бұл республикалық бюджетке байланған шара болатын, жергілікті бюджеттен көмек сұрайтын. Техниканың тозуы байқалды 50 пайыз. Республикалық бюджеттен лизинг алу рұқсаты берілді. Соның арқасында техниканың жаңартылуы 80 пайызға жетті.
Халық қалаулысы сапар барысында көзімен көрген өзекті мәселелердің шешімін табуға атсалысуға уәде етті. Айта кетсек, Олжас Құспеков халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. Шымкентке жасаған сапары аясында азаматтар мен жол саласындағы кәсіпкерлермен жеке қабылдау өткізбек.