Балалардың қосымша білім алуына арналған ваучерлік жүйе пилоттық режимде іске қосылып, оны қаржыландыруды енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Астанада өткен Орталық коммуникациялар қызметінде айтылды. Бұл жүйеде әр балаға бір үйірме мен секцияға тегін қатысуға мүмкіндік береді. Маусым айынан бастап Астана, Шымкент, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе және Қызылорда қалаларында іске асып жатыр.
Жаңа бірыңғай ваучер жүйесі жан-жақты ойластырылған. Бұдан былай кәсіпкерлер мен ата-аналар және балалардың да қажеттіліктері ескеріледі. Айта кетейік, жоба аясында 2021 жылдан бастап бір жарым миллионнан астам оқушы шығармашылық үйірме мен спорт секцияларына, дамытуға бағытталған сабақтарға тегін қатысу мүмкіндігіне ие болған еді. Ал, аталған жүйе қызмет көрсетушілер қатарын көбейтіп ғана қоймай, барлық санаттағы балаларды қамту үшін жасалып отыр.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ӘКІМДІКТІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
Пилоттық жоба жан-жақты атқарылған жүйе деп білеміз. Қазіргі таңда өтінім беріп келе жатқан кісілер ғана емес, бақа да өтінім берушілердің талаптары ескеріледі. Солардың қатарын көбейту үшін және барлық санаттағы балаларды қамту үшін біз осы қадамға барып отырмыз. Олай деп айтатын себебіміз, Шымкент қаласында ерекше білімді қажет ететін және мүмкіндігі шектеулі балалалр үшін бірде бір өтінім беруші қызмет етіп келмеген.