Қоғамның қоңырауына баланған журналистер қауымына деген құрмет қашан да жоғары. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында қолына қалам ұстаған бірқатар БАҚ өкілінің мерейі үстем болды. Саналы өмірінің 42 жылын тілшілік тіршілікке арнаған «Оңтүстік Қазақстан» газетінің аға тілшісі Серікқали Жексенбаймен «Құрмет» орденіне ие болды.


Серікқали Жексенбайды танымайтын жан жоқ. Оның қаламынан туған шуғармалар жұртшылықтың көңілінен шығып, оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленген. Бұқара жұрттың жоғын жоқтап, бұйымтайын билікке жетзіп келген ел ағасының мерейі үстем. Ширек ғасырға жуық тілшілік қызметті абыроймен атқарған ардагер журналисттің омырауына «Құрмет» ордені тағылды.


СЕРІКҚАЛИ ЖЕКСЕНБАЙ, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ

Еңбектің еленгені жақсы. Осы журналистика саласындағы 42 жылдық еңбегімді ескерген болу керек. Еңбекті елеген басшыларға, қолдаған ұжымға «Оңтүстік Қазақстан» ұжымына. Басында Тұрар Рысқұлов , Сұлтанбек Қожанов тұрған облыстық аға басылымының былтыр 100 жылдық ғасыр тойын атап өтілді. Бұған дейін де қаншама қайраткерлер алам сілтеді. Ел еселі еңбек етті. Сол басылымға деген биліктің құрметі ғой деп ойлаймын.


Биыл облыс орталығының Түркістанға көшірілгеніне 7 жыл толды. Қысқа уақыт ішінде өңір үлкен өзгерістер мен даму жолынан өтті. Бұған журналистер үлкен үлес қосты деп атап өтті өңір басшысы.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Заман ағысы қолына қалам ұстаған қауымның да жұмыс тәртібін өзгертті. Журналистің ағартушылық миссиясы алға шықты. Кез-келген-ақпаратты мұқият елеп-екшеп, оқырманға дұрыс жол сілтеу позициясы басым. Мұны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та ерекше атап өткен болатын.