Айзат Бауыржанқызы - тілші

«Уақыт керуеніне бөгет жоқ». Алайда, оны қалай және кіммен жүргізу – өз ырқыңызда. Тұсауы кесіліп жатқан жаңа туынды да осы идеяны алға тартады.

Отан – отбасынан басталады. Ертеңгі ел абыройын көтеретін жастың жалыны ең алдымен, отбасы, ошақ қасынан ұшқын алады. Ажырасу опық әперген емес. Сценарий күрделі де емес. Өмірдегі осындай әлеуметтік қайшылықтарды арқау етеді. Драмалық туындының режиссері Серік Таласовтың да мақсаты айқын. Шаңырақ шаттығына көңіл бөлу, отбасы құндылықтарын қадірлеу, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет таныту. Фильмді келесі жылдан бастап, отандық арналардан тамашалауға болады.

Серік Таласов – «Жанұя» фильмінің режиссері

Фильмнің берер ойы көп. Екі көршінің өмірі баяндалған. Бірінің күйеуі жаман, бірінің әйелі жаман. Әке-шешенің қателігінен кішкентай балалардың қиындық көруі баяндалған.

Фильмге актерлер таңдау үшін осыдан 5 ай бұрын кастинг жарияланды. Жүз жүйріктен ең мықтысы таңдалды. Фильм кейіпкерлерін сомдау танымал кино әртісі Ержан Жарылқасын, Облыстық академиялық драма театрдың актеры Ақмарал Маханова және «Шаншар» әзіл-оспақ театрының актеры Ғалымжан Қалыбаевқа бұйырды. Ал, басты рөлдерді сомдаған жас актерлар Олжас Омаров пен Арай Әділдің шеберлігі көрермен жүрегін елжіретті. Жанарға жас іркілтті.

Олжас Омаров, Әділ Арай – басты рөлдерді сомдаушылар

Олжас: Біз Арай екеуміз ағалы-қарындасты болып ойнадық. Бізге қиындау соқты. Арай: фильмнен түйгеніміз – отбасыны бағалау, тәртіпті болуды үйрендік.

Айзат Бауыржанқызы – тілші

Халықтың рухани өркендеуіне кино мәдениетінің ықпалы зор. Драмалық туынды тамашалаған әрбір көрермен «қолда бар алтынның қадірін дер кезінде ұғыну» керектігін түсінеді.

Айзат Бауыржанқызы