Бақтыгүл Байташова өткен жылдың мамыр айында атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жұмыспен қамту орталығына өтініш тастаған. Арнайы комиссия ерлі-зайыптылардың тұрақты жұмысының жоқтығы мен 18 жасқа толмаған 4 баласының барын ескеріп, өтінішті қанағаттандырыпты. Нәтижесінде, 383 мың тенгелік шартты көмек алған. Ол сомаға пластик жасайтын цехты іске қосқан.
Сәбит Ережепов – Келес ауданының тұрғыны
-380 мың алдым. Соған аппарат алдым. Сол жtтпей жатыр. Тағы аппарат алу керек. Соны алып істеп жатырмын.
Бұған дейінгі «Өрлеу» бағдарламасы атаулы әлеуметтік көмек болып өзгерген еді. Енді 2019 жылдың мамыр айынан бастап бұл көмектің атауы да, тәртібі де өзгереді. Сәуір айының соңынан бастап, отбасындағы кәмелет жасына толмаған әрбір балаға 20 мың 879 тенге көлемінде жәрдемақы беріледі.Биыл Келес ауданындағы 5065 отбасы әлеуметтік көмек алады.
Нұрипа Темірбаева – Келес аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы
-Осы АӘК өтініш берген. Бұл семьяға 383 мың 130 тенге АӘК шықты. Өзін Абай ауылындағы бақшаға орналастырдық. Күйеуі кішкентай балаға қарап қалды. Цех ашып, кедейшілік шеңберінен шығып отыр.
Ал, жаңа әлеуметтік көмектің көлемін база анықтап береді. Күміс, алтын алқаның қаржысы мен студенттің шәкіртақысы есептелмейді.
Р.Бақытжанқызы