«Жаңатіршілік» ауылы «Ақмола» мешітіндегі кездесу осымен бірнеше рет ұйымдастырылып отыр. Ауыл азамтарының басын қосқан өнегелі шараның басты мақсаты асыл дініміз Ислам дінін дұрыс бағытта насихаттау болып отыр. Берекелі мекеннің қазыналы қариялары ол үшін біраз жұмыстар атқарып келеді.

Тәжімұрат Салыбайұлы - «Жаңатіршілік» ауылының тұрғыны

Бірлігі мен ынтымағы, достығы жарасқан ауыл тұрғындары қайырымды шараларда белсенді. Үлкені кішісіне қамқорлық танытып, болашақ иесі жастардың тәрбиесіне зор мән беруде. Ол үшін осындай иманға шақыратын іс-шаралардың қатарын көбейтпек. Халықпен тығыз қарым-қатынаста болып, жаңа бастамаларға бірге кірісуге шақыамыз дейді,  - мешіт қызметкерлері.