Ауыл шаруашылығындағы қолайсыздықтарға қарамастан, шардаралықтар жиын-терім науқанын табысты аяқтады. Табанды еңбек, талапты кәсіп арқасында ағымдағы жылы аудан бойынша егілген 12 192 гектар мақталықтан  жалпы көлемі 32 929 тонна өнім алды. Сондай-ақ, өңір бойынша 287 843 тонна бақша өнімдері, 23 693 тонна көкөніс, 15 366 тонна дәндік жүгері, 6986 тонна сыр маржаны жиналды. Аталған өнімдердің барлығы арзан бағада жәрмеңкеге қойылды.

Алтынай Әбдіраманова – Шардара қаласының тұрғыны

 

Дәстүрлі шараның елге берері мол, - дейді ұйымдастырушылар. Бір жағынан тұрғындар төмен бағада азық-түлік алса, екінші жағынан шаруалар еңбегі өзгеге үлгі.

Спикер: Сейсен Қуан – ҚР Фермерлер қауымдастығының Шардара аудандық филиал төрағасы

 

Айтулы мерекенің соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Жиында ауыл шаруашылығы саласына үлес қосқан үздіктер мен жоғары нәтиже көрсеткен ауыл округтеріне арнайы марапаттар табысталды. Сондай-ақ, «Оңтүстік» телеарнасының Шардара ауданындағы меншікті маманы Нұржан Сейдазимов аудан әкімінің алғыс хатына ие болды. 

Қайрат Жолдыбай - Шардара ауданының әкімі

Аудан басшысы жиында басқа да ауыл шаруашылығына өзіндік үлесін қосып жүрген азаматтарға және аудан халқына алғысын білдіріп, алдағы уақытта да аймақтың еселеп дамуы үшін аянбай еңбек етуге шақырды.

 

Перизат Ортай