Самал базарының  маңынан орын тепкен сауда орталығы Шымқаладағы ірі нысандардың біріне айналмақ.
Нысанда сау­­дагерлерге де тиісті жағдай жасалған. Мұнда 300- ге жуық адам жұмыспен қамтылады. Жабық сауда орталығының ғимараты заманауи үлгіде жылдың төрт мезгіліне де қолайлы етіп салынған. Яғни, тұрғындар сапалы қызметті тұтыну мүмкіндігіне ие.

Шолпан Жандарбекқызы- «Мұса» сауда орталығының басшысы Бұл сауда орталығы халыққы жұмыс жасайды. Таңертеңгі сағат 10нан түнгі 10ға дейін жұмыс істейді. Кешкі 10ға дейін қойған себебіміз. Жұмыстан шыққан кісілер асықпай сауда орталығын аралап, керек-жарағын алып үлгеру үшін жағдай жасалған. Үстінгі қабатта балалар ойнайтын орталық, тамақтану орталықтары бар.

Ботагөз Мұсақызы-  КӘСІПКЕР  менің бауырым-Рысбек , келінім-Шолпан  көп еңбктерінің арқасында осы сауда орталығын ашып отыр. Мен  шымкент халқына, осындағы жұмыскерлерге тілерім еңбектері табысты болсын. Жолдары жеңіл болсын.

Мұнда киім-кешектің кең таңдауы бар. Маусымдық киімнің сан алуан үлгісі. Аяқ киімнің түр-түрі, сәнді көйлектер мен жейделер, аксессуарлық заттар. Бағасы да қолжетімді. Сапасы жоғары. Алғашқы сатып алушылар мұнда сауда жасау өте тиімді. Сатып алушыларға жеңілдік жасалған. Сауда орталығының ашылу салтанатына арнайы барған Абай ауданының әкімі  іскер азаматтарға өз алғысын білдірді.

Бұхарбай Парманов-Абай ауданының әкімі

Кәсіп ашамыз деген кәсіпкерлерге қолдау көрсетеміз..,

Бұл кешендегі басты қағида - тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету. Қызмет сапасын жақсарту үшін келешекте сатушылар санын көбейту көзделген.

 

Г. Оңласбекова