Қазақстан әлем рейтингінде суицид жасау бойынша 20-орында екен. Бірақ ТМД елдерінің ішінде қазақстандықтар ең бақытты жандар саналады. Иә, кейде әлем рейтиінгі бір бөлек, реал екі бөлек боп жатады. Әріптесім Лаура Сарман оқушылар арасында суицидтік көңіл күйдің қандай екенін білуге талпынды.


Балалардың бақытсыздығына, олардың өз-өзіне қол салу әрекеттеріне баруына көп жағдайда отбасындағы жайсыздық пен мектепте түсінбеушіліктің орын алуы себеп болады. Балаларға жай ғана киімін, тамағын тауып беру аз, олар үнемі ата-ананың жылуын сезініп, жақсы көретінін біліп өсуі тиіс. Ал әке-шеше өз дәрежесінде көңіл бөлмейтін бала ешкімге керексіздігін түсініп, психологиялық стреске тап болады. Әсіресе, 13-17 жас аралығындағы жасөспірімдер өте әсершіл, кез-келген нәрсені жүрегіне тез қабылдағыш келеді. Түсіністік болмаған жағдайда осы жас аралығындағы балалар түрлі жағдайларға ұрынып жатады.
Бүгінгі таңда психолог тек баламен ғана емес, қиын жағдайға тап болған баланың отбасымен де жұмыс жасауы керек. Өйткені, оның негізгі проблемасы осы отбасынан басталып отыр. Бүгін ол баламен жұмыс жасадың делік, ертең сол күйзелген  күйінде алдыңа қайта келеді. Сол себепті оның үйінде орын алған негізгі мәселені анықтап, соған сай әрекет жасау қажет. Жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесімен күресуде әр мұғалімнің психологиялық білімі болуы тиіс
Қазақстанда прокуратура келтірген ресми мәліметке сүйенсек, соңғы 5 жылда суицид жасамақшы болғандар санында аса өзгеріс жоқ. Жылына 3 мыңнан- 4 мыңға дейін адам өзін өлімге қияды екен. Бірақ, әлем рейтингінде Қазақстанның суицидтік ахуалы көңіл көншітерлік.