Қазақ ежелден әр жылдың өзіне тән сипатын берген. Ал биыл жыл санауы бойынша 2024 жыл ұлу жылы. Бұл жыл қазақстандықтар үшін қандай жыл болмақ? Келер 2024 жылдан не күтеміз?
Ұлу – даналықтың, күш пен өркендеудің символы. Сонымен қатар күнтізбе бойынша – кібісе жыл, яғни бірқатар өзгеріске әкелетін күшті, энергияға толы жыл болмақ. Астролог мамандардың айтуынша, ұлу жылының бір ерекшелігі – бұл жылы гармонияда жүру арқылы еңбек ететін жандардың жолы болады дейді мамандар. Сондай-ақ қандай сала болмасын әрбір жан таңдау жасайтындай жыл дейді жорамалшы.
Ал кәсіп бастаймын деген жандар үшін астролог мамандар күмән туғызатын ортаға қаражат бөлмеу керектігін ескертеді.
Бұл жыл әрбір Қазақстандық үшін табысты, берекелі жыл болмақ. 2024 жылы жомарт, ақпейіл және кешірімді болған абзал – дейді астролог. Сондай-ақ жаңа жылды қандай түсті киіммен қарсы алу керектігіне де тоқталды.
Келер жылдың иесі, сатқындық пен өтірікті ұнатпайды.Сондықтан да мамандар жақындарыңызға достарыңызға өтірік айтудан сақ болау керектігін айтады. Сонымен қатар жаңа жылды барынша көтеріңкі көңіл күймен отбасымен қарсы алған дұрыс, – дейді