Елімізде есірткі тұтынатындар қатары жылдан-жылға артып отыр. Кейінгі бес жылда есірткі затының 154 түрі анықталған. Қазіргі таңда тыйым салынған затты қолдану және оны сату жайты жиілеген. Бұл фактілерді Кентау полицейлері жастармен өткен жиында ашып айтты.
Еліміз бойынша есіркінің көп тараған түрі олар синтетикалық және мефедрон деп аталатын түрі. Сонымен қатар тез тәуелділікті тудыратын психостимуляторлық әсері бар «скорасть» деп аталытын түрін қолданатындар да бар. Кентаулық полицейлер синтетикалық есірткіні сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілік 1 грамнан басталатынын айтады. Оны таратқаны және өндіргені үшін ғана емес, оны насихаттап, жарнамалағаны үшін де қылмыстық жауапкершілік бар.
ЕРКЕҒАЛИ МЕЙРБЕКОВ - ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ, ПОЛИЦИЯ ПОДПОЛКОВНИГІ
- Химиялық қоспалардан жасалатын синтетикалық есірткілер түрлері еселеп көбеюде. Соңғы бес жылдың ішінде 154 жуық түрлері анықталып, қолдануға тыйым салынып заңсыз қолдануға шаралар қабылдануда. Республика бойынша осы жылдың өзінде жыл басынан 15 мың тонна есіркі заттары тәркіленіп алынып жатыр. Демек 1600 ге жуық доза тұтынушылар қолына мүмкіндік беріледі.
Жиында есірткі мен жасөспірімдер қылмысы мәселелері, кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың қалыптасуына ықпал ететін факторлар айтылды. Спикерлер жастарды жаман әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
БАҒЛАН ЯНКИН - ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
- қазіргі таңда есірткі затты өсіру айналысу 2024 жылы 4 дерек, 2023 жылы 3 дерек анықталған. Есірткі затын қолдану және сақтау фактілері бойынша қазіргі таңда ҚР қылмыстық кодексінің 296 бабының 1 бөлігіне сәйкес 16 факті анықталып тергеу амалдары жүрігізіліп, сотқа жолданған. Жыл көлемінде 5 кг есірткі заты яғни наша түрі анықталған.
Кездесуде студенттерге нашақорлық пен интернет-алаяқтықтың салдары туралы бейнероликтер көрсетілді. Жастарға нашақорлық пен интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша мыңнан астам брошюралар таратылды.