Мүгедектігі бар тұрғындарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек сапалы әрі жүйелі болуы тиіс. Жауапты басқарма мен аудан, қалалардағы осы салаға жетекшілік ететін басшылар өз міндеттерін талапқа сай атқаруы керек. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров бұл мәселеге мән беру керектігін сала мамандарына ескертті. Қоғамның әр санатындағы топтарға жан-жақты қолдау көрсету жұмыстары пысықталды.
2025 жылдан бастап санаторийлік-курорттық емдеу шаралары мен міндетті гигиеналық тауарларды, ымдау тілі маманы мен жеке көмекші қызметін алуға өтініштер проактивті түрде қабылдануда. Нәтижесінде өтініш берушілер саны былтырдың осы кезеңімен салыстырғанда 17,5%-ға өскен.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қорғалуын қатаң бақылауға алу керек. Аудан, қала әкімдеріне мүгедектігі бар адамдар үшін гигиеналық құралдар мен курорттық емдеуге қажетті қаржыны қарастырып, нақты талдау жасау қажет.
Облыста 101 930 мүгедектігі бар адам есепте тұр. 2021 жылдан бастап мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қорғау шаралары жетілдіріліп келеді. «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы оңалту және реабилитациялау үшін қажетті тауарлар мен қызмет жеткізушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік беріліп, әлеуметтік қызметтерді алу процесі жеңілдетілген.
АЛМАС ӘБДІҚАДІРОВ, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.
146 оңалту-техникалық құрал жеткізуші, 15 ымдау тілі маманы, 19 жеке көмекші қызметі көрсетілуде. 55 санаторлық емдеу қызметі бар. 2024 жылдың қорытындысы бойынша оңалту бағдарламасы 95 пайызға орындалып, 66 860 өтініш қанағаттандырылды.
Биылғы 3-ші тоқсанның қорытындысы бойынша абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту құралдары мен арнаулы әлеуметтік қызметтерге 75 898 өтініш қабылданып, 55 502-сі қанағаттандырылған. Міндетті гигиеналық құралдармен қамтуға 2025 жылы бюджеттің барлық көзінен 6,8 млрд теңге қарастырылған