25 қазан – Республика күніне орай қалада бірқатар мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осыған орай Еңбекші ауданының әкімдігі ауданның ардақты азаматтарын жинап, ұлттық мерекемен құттықтап, алғыс хаттар табыстады.


 Салтанатты жиын Жастар ресурстық орталығында өтті. Шарада Еңбекші ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан қызметкерлердің еңбегі атап өтіліп, 15 сала бойынша үздіктер марапатталды. Аудан әкімі Досбол Есілбеков жиналғандарды Республика күнімен құттықтады.


САЛТАНАТ СЕҢГІРБАЕВА, БИОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

25 қазан – Республика күні құтты болсын! Еліміз аман болсын! Көк туымыз жоғарыда желбірей берсін. Еңбекші ауданы бойынша “Ең үздік мұғалім” аталымын алып отырмын. Рақмет! Еліміз тыныш болсын!


Мерекелік шарада ауданның жылдық жетістіктері де сараланды. Биыл Еңбекші ауданында инфрақұрылым мәселелері кезең-кезеңімен шешімін тауып, шеткі елдімекендер ауыз су, газ және жолмен қамтылды.


АҚПАН УӘЛИХАНОВ, ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Еңбекші ауданы әкімінің ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығында 25 қазан – Республика күні және “Мемлекеттік тәуелсіздік туралы декларацияның” қабылданғанына 35 жыл толуына орай мерекелік концерт өтті. Ауданымыздың дамуына үлес қосқан 15 сала үздігі марапатталды.


Салтанатты жиында қалалық мәдениет мекемелерінің өнер ұжымдары сахнада өнер көрсетіп, мерекенің көркін аша түсті.