Апта соңында қазақстандықтар Республика күнін атап өтеді. 1990 жылдың 25 қазаны — «Егемендік туралы декларация» ұсынымын Жоғарғы Кеңестің жиынында 360 депутаттың 261-і қолдап, ресми түрде қабылданды. Құжат елдің аумақтық тұтастығын, азаматтығын, бюджет жүйесі мен мемлекеттік рәміздерін айқындап берді.
Мемлекеттік маңызы бар айтулы күнді шымкенттіктер де мерекелейді. 24-қазан күні, сағат 16:00-де «Қызғалдақ» сарайында салтанатты іс-шара ұйымдастырылады. Онда қала дамуына үлес қосқан бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталады. Ал 25-қазан күні сағат 10:00-де «Шымкент Сити» саябағында ту көтеру рәсімі өтеді. «Астана» алаңында сағат 10:00 мен 14:00 аралығында ауқымды мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Кешкі сағат 19:00-де гала-концерт өтеді.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ
Кешкісін 19:00-де «Астана» алаңында Республика күніне арналған гала-концерт ұйымдастырылады. Соңы отшашуға ұласады. Концертке бірқатар эстрада жұлдыздары қатысып, өнер көрсетеді.