Қазақтың құмай тазы иітінің жанашырлары киелі Ордабасыда бас қосты. Басты мақсат - тек қазаққа ғана тән осы бір қасиетті  мақұлықтың  тұқымын сақтап, санын көбейту. Сонымен қатар, тазы итінің  даңқын дәріптеп, оны өз ұлтымыздың мақтанышына айналдыру. Айтулы шараны  республикалық «Қансонар» қауымдастығына қарасты  Түркістан облыстық  өңірлік филиалы ұйымдастырды.  
 Тазының басқа иттерден ерекшелігі аңды өзі іздеп тауып, қуаып жетіп алады. Және бұны басқа иттер сияқты аңшылыққа үйретудің өқажеті жоқ. Бұның қанында бар дейді аңшылар. Сондықтан да бұның ұшқырлығы мен жылдамдығына байланысты тазыға құмай деген ат қосылған.
Ержан Дайыров 30 жылдан бері тазы бастап, саяткерлік құрып келеді. Бұл кәсіп атадан балаға мирас болып қалған. Әкесі де  тазы ертіп құс салған. Бүгінгі  көрмеге екі итін алып кетіпті. Көкжал мен Ұшар екеуі де талай аң алған ұшқыр.
ЕРЖАН ДАЙЫРОВ, ҚҰМАЙТАЗЫ ӨСІРУШІ

Аңшылыққа шыққандағы ерекшелігі тазының өзі іздеп өзі алуы керек. Ізге түсіп тазының жақсысы сол кезде білінеді аңшылықта. Ізге түсіп көргенін қуып жетіп алып тұрса сол тазы ғой.
Шарада  сарапшылар тазылардың дене бітімін, аяқ сүйектерін, тісін, тырнағын байқап, қан тазалығына да баса назар аударды.Негізі тазыларды «Қансонар» қауымдастығы тіркеуге алған. Бұл құжат иттердің әлемдік деңгейдегі сайыстарға да қатысуына мүмкіндік береді, дейді ұйымдастырушылар.
 АБАЙ БЕРДІБЕКОВ «ҚАНСОНАР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ТҮРКІСТАН ӨҢІРЛІК ӨКІЛДІГІНІҢ  ДИРЕКТОРЫ

Жылда өтіп жүрген жарысымыз әр жылы 40-50 ден тіркеледі. Қазірдің өзінде 40 қа жуық тіркелді. 200 дің үстінде тазы бар тіркелген. Осы тазыны көбейту сиреп бара жатқан аң ғой соны көбейтуіміз керек.
 Бүгінде  таза қанды қазақы құмай тазыны табу қиын. Оның тұқымы азайып кеткен. Ал бар дегендерінің көпшілігінің   қаны араласып кеткен. Сондықтан бүгінгі шараға жиналғандар  аңшылық   иттерін арнайы  мамандардың көмегімен сараптамадан өткізіп,  оның қаншалықты таза тұқымды екендігін арнайы құжаттармен бекітті.  
 СӘРСЕНБЕК ӘБУОВ, ҚҰМАЙТАЗЫ ӨСІРУШІ
Бұл көзбен де көреді иіспен де сезеді қуып та жетіп алып береді. Осы қасиеттер бойында болған тазылар  құмай тазы деп атайды.  
Ордабасы да өткен шараға оңтүстік өңірінің барлық аумағынан   100- ге жуық  тазы итінің жанашырлары жиналды. Олар тазы иттерін арнай тіркеуден өткізген соң мерекелік шара қайта жалғасып, құмайлар сайысы өткізілді.  Шара соңында  аңға түсуден алғырлық танытып, жүйрік  шыққан  құмайлар анықталып, олардың иелері арнайы марапаттарға ие болды.
НИНА ЭФИЗОВА, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  САНАТТАҒЫ САРАПШЫ

Бүгін біз тазылардың дене біті мен жұмыс істеу қабілетін қан тазалығын тексердік. Жыл өткен сайын иттердің сыртқы келбеті жақсарып келеді саны да артып отыр. Иттер мықты жылдам, түр-тұлғалары да өзгерген.Бұл құмай тазы -біздің еліміздің мақтанышы.
Қазақтың құмай тазысын әлемдік деңгейге шығарумен қатар қазақы төбеттіңде өз орнын табатын күн жетті, дейді ұлт жанашырлары. Өлексе мен өзгенің асына қызықпайтын қазақ жеті қазынаның біріне балаған иттерді меншіктеп алу ұлтқа деген жанашырлықтың үлгісі болмақ.