Елімізде зорлық-зомбылықтың статистикасы төмендеген. Бұған дейін жылына 400 ана күйеуінің қолынан қаза тауып жататын. Сондай-ақ зорлық көріп, құқық қорғаушылардың көмегіне жүгінетіндер де екі есеге артық болатын. Игілікті іс келеңсіз жағдайға қарсы заңның күшейгенімен тікелей байланысты. Мамандар халық арасындағы түсіндірме жұмыстарының да оң ықпалы бар деп отыр.
Елімізде зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік акция жарияланған болатын. Жоба аясында ауқымды шаралар өткізіліп, құқық қорғаушылармен байланысты арттыру көзделген. Шымкентте қолға алынған бастаманың негізгі жиынында осы мәселелер кеңінен талқыланды.
БАЯН ЖАНДОСОВА, «ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ
- Огрессар орталығы бар бізде. Ол елімпіз бойынша текШымкент қаласында ғана. Өйткені тПрезидентіміз 15-сәуәрде қол қойған құжатта да осы әр өңірде осындай орталықтар жұмыс істесін деп көрсетілген. Бізде ол бар. Айтайын дегенім, Шымкентте әйелдермен жұмыс істейтін орталықтар мамандар жеткілікті.
Ата заңымызда адам және оның өмірі мен бостандығы басты қағидатымыз болып саналады. Сөйте тұра отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бей-жай қарау – теріс әрекет. Сондықтан адамдардың құқығы мен бостандығы басты қағидаты.
НҰРЖАН ӘБДЕЗОВА, АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ӨКІЛІ
- Отбасындағы әйелдердің зорлық-зомбылыққа қарсы тақырып өте күрделі. Ол бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілде арнайы жұмыс тоббы бар. Бізге де бірнеше арыз-шағым келеді. Біз ол бойынша Конституциялық заңға сәйкес тиісті жұмыстар атқарып келеміз. Бұл жұмыспен қоғам болып күресуіміз керек.
Айтулы жиында осы тақырыпта сөз қозғап, қоғамдық ой тудырған спикерлер арнайы марапатталды. Бұл күні жас буынға арнайы сахналық қойылым көрсетіліп, отбасылық құндылықты насихаттайтын әндер шырқалды.