Өңірде көктемгі су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары күшейтіле түсті. Аталған мәселе күн тәртібіне қойылып, облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Судан келер қауіп қатерлі ме? Қандай аймақтарда су тасу ықтималдылығы жоғары? Тілші тарқата айтады.
Облысы әкімі Нұралхан Көшеров жауапты мекеме басшылары мен аудан, қала әкімдеріне су тасқынына қарсы дайындықты күшейтіп, жұмысты сапалы атқаруды тапсырды. Су басу қаупі бар аймақтарды түгел зерделеп, қауіпсіздікті күшейту қажетін айтты. Су қоймалары, каналдар, өзендер мен көлдер, жалпы су нысандары қатаң бақылауда болуы тиіс екенін баса ескерткен өңір басшысы, немқұрайлыққа жол берілмеу қажет деп шегеледі.
Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Асқар Төлешевтің айтуынша «2024-2025 жылғы қыс-көктемгі су тасқынына қарсы инженерлік іс-шаралар» жоспарының 28 бағыты аяқталып, 3 іс-шара бойынша жұмыстар әлі де жалғасуда. Атқарылған шаруалар нәтижесінде 68 шақырымнан аса арналар механикалық тазалаудан өткен. Келес ауданында арық-атыздың 14 шақырымы қоқыстан тазартылыпты. Сарыағаш қаласында каналдардың 350 метрі бетондалған. Сайрам ауданындағы Арыс өзенінде де 500 метр арнаны түзету жұмыстары жүргізіліп, Сауран, Отырар аудандарында 5 тоспа орнатылған.
Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында 461 шақырымды құрайтын 1203 арық пен жалпы ұзындығы 654 шақырымға созылған 165 канал тазалаудан өткізілген. Аталған жұмыстарды атқаруға 263 техника бағытталып, су тақыны кезеңіне 109 мың қап, 1400 тоннадан аса инертті материалдар дайындалған. Қауіп туындаған жағадайда ыстық тамақ пен тұрмыстық қажеттіліктер үшін кәсіпкерлермен арнайы меморандум түзіліп, 141 тонна жанар - жағармай қоры кезекте тұр. Апаттың болмағаны жақсы, алайда айып келмейтін қауіп жағадан ала қалса онымен күресуге 1064 жеке құрам, 124 техника, 11 қайық пен 92 мотопомпа сақадай сай тұр.