Ол тіпті, облыс әкімдігі тарапынан жолданған "Қызметтік хатқа» да құлақ аспады». Арнамызға осылай деп шағымданған кәсіпкерден арыз түсті. Айтуынша, сот өзіне тиесілі деп шешім шығарған жер әлі күнге үлесіне тиер емес. Бұған тікелей қала билігінің қатысы бар білем.

Тізбектей берсең, тіл сүрініп, санамаласаң саусақ талатын мұндай дәлелді көптеп келтіруге болады. Барлығы Арыс қаласының әкімі Сейіт Ертай мырзаға заңсыз берілген жер телімдерін, қайтаруға қатысты. Бірақ, қала басшысы бұл мәселелерге құлақ аспаған көрінеді.

Нағима Жандарбекова, кәсіпкер;

Соттың шешімі бар, арнайы құрылған комиссияның ұсынысы бар. Бірақ мен әлі жерді ала алмай отырмын. Қандай кедергі ба,  білмеймін.

Барлық мәселе осыдан екі жыл бұрын басталған. Бірінші Нағима Жандарбекова 2014 жылы осындағы жылы суды пайдаланып, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында монша салады. Алайда, бар тапқанын бизнесін өркендетуге жұмсаған жан көптеген кедергілерге тап болыпты. Біріншіден, үш ай болмай жатып, жылы су жабылған.

Нағима Жандарбекова, кәсіпкер;

Ол кезде суды 26А ұңғыма Момбековадан алып отырған. Ол қыста келіп тұрбаны кесіп кеткен. Сосын сұрастыра бастадым.

Сұрастыра жүріп, талай былықтың бетін ашыпты.

Нағима Жандарбекова, кәсіпкер;

Сұрастыра келе білдім, жер де, су да ол кәсіпкерлерге заңсыз отырған деп ойлаймын. Неге десеңіз, жердің құжаты ол кісілерде болмады.

Содан жердің бос екенін біліп, сол жерді заңдастыруды көздеп, аудан әкіміне арыз түсіреді.

Нағима Жандарбекова, кәсіпкер;

2014 жылы жерді сұрап Сейіт Ертай мырзаға арыз жаздым. Бірақ арызым ұзақ қаралды. Содан сотқа арыздандым. 

Сот заңды шешім шығарыпты. Бірақ, оған құлақ асқан әкім болмаған. Қайта жауырды жаба тоқып, бір жерге бірнеше рет қаулы шығарған. Ал, бізде Арыс әкімі соншама қорғап баққан ұңғыманы түсіру үшін арнайы бардық.

Мақсұт Айтжанов, тілші;

Айналасы қоқысханаға айналған мына ұңғымадан талай тұрғын тіршілік нәрін тұтынып отыр. Білуімізше, бұған жауап беретін арнайы бір мекеме жоқ. Тек қана соңғы жылдары дайын асқа тік қасық болып, бір кәсіпкер пайда болыпты. Мұндағылардың айтуынша, ол суды қалауынша сататын көрінеді. Ал, одан түскен қаржының қайда кетіп жатқанын ешкім білмейді. Өйткені, тұрғындарға ақшаны алғаны туралы түбіртек те берілмейді екен.

Бұл жердегі мұндай заңсыздықты кезінде облыс әкімдігі тарапынан құрылған арнайы комиссия да анықтаған. Құрамында жауапты сала басшылары бар топ мүшелері сол кезде осы жерден судың белгісіз жаққа таратылып жатқандығы туралы хаттама толтырып, оны өңірдегі құзырлы органдарға жолдаған.

Алайда бұл жұмыстың да жемісі жоқ. Ал, біз шуға айналған жерді түсіріп жүргенімізде, «мен осы жердің иесімін» - деп, Сапаркүл Момбекова есімді азаматша келді. Оның айтуынша, ол суды тек өзі пайдалану үшін рұқсат алған екен. Алайда, құжаттарын көрсетпеді. Тек қана суды ешкімге сатпастан өзінің пайдаланып отырғанын айтты.

Сапаркүл Момбекова, кәсіпкер;

Біз ешкімге бермейміз. Мен өзімнің үш баням бар соған ғана қолданамын. Басқа ешкімге бермейміз.

Алайда, бұл ханымның сөзімен қараша халық келіспейді.

Күлайша Ерубаева, Арыс қаласының тұрғыны;

Жолда келе жатқан үйлердің барлығы содан алады. - Сіздер де содан аласыздар ма? -Иә. -Айына қанша төлейсіз? -Әр түрлі ғой 20-30 мың. Үйге ме? - Иә. Квитанция жоқ.  Бермейді.

Тұрғынүйлерден бөлек, бұл ұңғымадан тағы біраз кәсіпкерлік нысандары да су алатын көрінеді. Тіпті, олардың төлейтін сомасы да қомақты.

Күлайша Ерубаева, Арыс қаласының тұрғыны;

Екі жүз мыңнан төлейді. Қазір барлығы қымбаттады ғой. Ана жақта үлкен банялар бар.

Ал, аталған төлемді бір күн кешіктіруге болмайды.

Күлайша Ерубаева, Арыс қаласының тұрғыны;

Хозяин - барин деген сөз бар ғой. Өшіріп тастағысы келеді, өшіріп тастайды. Бергісі келеді, береді.

Ал, шындықты айтып, шағымданып, төлемге түбіртек талап еткендерге қоқан-лоққы көрсетілетін көрінеді.Оған да көз жетті. Қысқасы бұл жердегі мәселе, жел үрлеген өртке ұқсайды. Түрткен сайын лаулай түседі. Ал, біз осы мәселенің қаншалықты заңды екенін білмек болып, Арыс қаласы әкімдігіне бас сұқтық.

Мақсұт Айтжанов, тілші;

Алайда, бұл жерде тұрғанымызға бес сағаттан астам уақыт болды, қаланың бүгіні мен болашағына жауапты бірде-бір басшыны кезіктіре алмадық. Келіп кеткен адам көп. Бірақ ай дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ. Заңсыздықтың белең алып тұрғаны да сондықтан болар.   

Келіп, төбе көрсеткендерінің өзі есіктен кірмей, кері қашты.Тек қана арадан алты сағат уақыт өткенде сұрақтарға жауап беруге қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы келді. Алайда, оның өзі мен «ешнәрсе білмеймін!» деумен шектелді.

Еркін Айтымбетов, Арыс қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы;

Жоқ, қазір ол менің барлығы есімде жоқ қой . Құжаттарды көтеріп көрейік. Сосын барып, жауап берейік. Қазір қолымда материал жоқ қой.

Мақсұт Айтжанов, тілші;

Ал, сот шешімін орындамай, облыс әкімі қол қойған тапсырманы тындырмаған қала әкімін табу тіпті, мүмкін болмады. Қашанға дейін, қашып жүрері белгісіз. Сол секілді, заңсыздыққа қашан нүкте қояры да анық емес. Біздің айтарымыз, бұл мәселе алдағы уақытта да бақылауымызда болады.

 

Мақсұт АЙТЖАНОВ