Мардан Сапарбаев атындағы гуманитарлық институтында талай тарлан білімін шыңдап, білікті маман иесі атанған. Әсіресе, оқу ордасындағы Бастапқы әскери дайындық пен дене шынықтыру және спорт кафедрасының жетістігі мақтануға тұрады. 1997 жылы негізі қаланған кафедра 562 студентке дәріс береді. Оның 250-і әскери өмірге бейімделсе, қалғаны дене шынықтыру және спорт мамандығын меңгеруде.
Темірхан Саккулаков – М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ оқытушысы, полковник
- Біздің әскери кафедрамыздың негізгі мақсаты – студенттерге білім беру. Әскери патриоттық тәрбие арқылы егеменді елімізге, халқымызға деген сүйіспеншілігін арттыру. Мұнымен қоса, өз ауылының, қаласының, оқып жатқан институтының патриоты ретінде тәрбиелеу.
Қазір де оқу орнының дәл осы мамандықтар бойынша материалдық-техникалық жабдықталуы озат. Мұнда рухани жаңғыру бағытын қолдап, салауатты өмір салтын ұстануға зор мүмкіндік бар.
Карима Құрман – студент
-Біздің оқу орнымыз, ең білімді, ең дарынды. Студенттер өте көп және де оқуымыз өте жақсы. Оңай...қиын емес. Өзіміздің мамандығымыз ұнайды.
Шәкірттер мерекелік іс-шаралардан да шет қалмайды. Жыл сайын өтетін республикалық спорттық олимпиадалардан жүлделі орын алады. Бұдан бөлек, аталмыш кафедраның әдебиет және спортқа арналған үйірмелері бар. Бірлігі жарасқан ұжым жан-жақты, сапалы кадр даярлаудың маңыздылығын жақсы біледі.
Нұрлан Алдабергенов – М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ БӘД және дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі
-Сабақты жоғары дәрежелі, профессорлар, кандидат науктар сабақ береді. М.Сапарбаев атындағы ОҚО гуманитарлық институтына БӘД және дене шынықтыру кафедрасына талапкерлерді оқуға шақырамыз.
М.ӘСЕМБЕК