Оңтүстік өңірде Отбасылық қолдау орталықтарының басшыларына арналған семинар-тренинг өтті. Жиынның басты мақсаты – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу. Оған ведомствоаралық деңгейде ден қою тетіктерін жетілдіру және отбасыларға кешенді көмек көрсету жолдарын талқылау.


Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қиын өмірлік жағдайға жататын құбылыс. Ол отбасының әлеуметтік жағдайына, психоэмоционалдық ахуалына және денсаулығына кері әсер етеді. Осыған орай, Отбасылық қолдау орталықтары психоәлеуметтік көмектің «бірінші терезесі» ретінде маңызды рөл атқарады. Мұнда зорлық-зомбылықтың алдын алу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және әлеуметтік, психологиялық, құқықтық көмек көрсету жолдары қарастырылуда.


Семинар ОҚО басшыларының әлеуетін арттырып қана қоймай, барлық қатысушы секторлар арасындағы өзара әрекеттестікті нығайтуға бағытталған. Жиында кейс-менеджмент жүргізу тәжірибесі, агрессорлармен коррекциялық бағдарламалар, қызметкерлердің қауіпсіздігі және кәсіби күйзелістің алдын алу шаралары кеңінен талқыланды.


Жобаның алғашқы кезеңіне республиканың 5 облысынан және 3 республикалық маңызы бар қаласынан барлығы 60-қа жуық маман қатысады. Олардың қатарында 66 Отбасын қолдау орталығының өкілдері бар. Ал, кезекті семинар-тренинг ОҚО жұмысының тиімділігін арттыруға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсетудің жаңа тәсілдерін енгізуге және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге жол ашады.