Президент Жолдауы – ел дамуының жаңа кезеңін айқындаған құжат. Онда халықтың әл-ауқатын көтеру мен цифрлы қоғам құру басты басымдық ретінде белгіленді. Жергілікті депутаттар цифрландыру Қазақстанды жаңа деңгейге шығарады деп отыр.


Алдағы үш жылда еліміз толыққанды цифрлық мемлекетке айналуды көздейді. Жасанды интеллектіні жаппай енгізу мен жаңа технологияларды дамыту – саяси жаңғырудың бір бөлігі.


АСҚАР МОЛДАБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Цифрландыру – уақыт талабы. Бұл мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін арттырып, қағазбастылықты азайтады. Ең бастысы – халықтың уақытын да, қаржысын да үнемдейді.


Жолдауда ең төменгі жалақыны көтеру және қолжетімді баспанамен қамту бастамасы да бар. Депутаттар мұны қоғамдағы әділеттілікті күшейтетін маңызды шешім деп бағалайды.


МҰРӘТӘЛІ ҚАЛМҰРАТОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Әлеуметтік ахуалды жақсарту – Жолдаудағы басты бағыттардың бірі. Ал парламенттік реформа Президент ұсынған «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» формуласын дамытады.


 Жергілікті депутаттардың айтуынша, Жолдаудағы басымдықтар толық орындалса, халықтың тұрмыс сапасы жақсарып, ел дамуына тың серпін береді.