Пойызбен сапарға шыққанда абай болыңыз! Енді жолаушылар артық жүк үшін ақы төлеуге міндетті. «Қазақстан темір жолы» компаниясы қол жүгін тасымалдау ережелеріне өзгеріс енгізді.


Бұл талап әсіресе «Тальго» пойыздарында қатаң бақыланады. Онда жолаушының қол жүгі 25 келіден аспауы тиіс. Ал ұзындығы, ені мен биіктігі қосқанда 150 сантиметрден артық болмауы қажет. Өзге вагондарда 35 келіге дейін, көлемі 200 сантиметрден аспаған жүкті тегін алуға болады. Жүкті жолсеріктердің өздері өлшейді. Егер салмақ нормадан асса, әр артық келі үшін 60 теңге төленеді. Төлем мөлшері жүрілген жол қашықтығына да байланысты.