«Ата заңым - айбыным» . Осындау атаумен қаладағы «Қызғалдақ» сарайында салтанатты шара ұйымдастырылды. 30 Тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай өткен мерекелік кеште бірқатар азаматтарға мерекелік медал табысталды. Айтулы күнді арна тілшісі Кенжехан Дүйсенбі әңгімелейді.


 Іс-шараның ресми бөлімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Конституциясын салтанатты түрде сахнаға алып шығу рәсімімен ашылды. Одан кейін Мемлекеттік Гимн шырқалып, «Ата Заңым – айбыным» атты арнайы бейнеролик көрсетілді. Жиынның алғы сөзін алған қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мегаполис тұрғындарын құтықтап Ата заңның маңыздылығына тоқталды.


ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

 Бұл тәуелсіздігіміздің ең ұлы жеттістіктерінің бірі. Себебі конституция еліміздің негізгі заңы ғана емес мемлекетіміздің тірегі. Қоғамымыздың тұғыры. Қлы дала тарихына үңілсек ата бабамыз әділдікке заңдылыққа ерекше мән берген. Елдің тіршілігін реттеп дау-жанжалды шешкен билер соты соның айғағы. Әз Тәукехан тұсындағы жеті жарғы құқықтық мәдениеттің асыл қазынасы. Бүгінгі ата заңымыз сол дәстүрдің заңды жалғасы.


Бұдан кейін салтанатты жиында ел дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар мемлекеттік медаль тағынды. Сонымен қатар өз саласында саңлақ атанып жүрген азаматтарға қала әкімінің арнайы алғыс хаты табысталдыү.


 СЕРІК ЖОЛДАСОВ, «№2 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНА» МКК ХИРУРГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Ата заңымыздың төл мерекесі 30 жылдық құтты болсын. Еліміздің тыныштығын тілей мін. Әр уақытта өміріміз баянды болсын. Бұл керемет мереке. Біз 30 жылдың ішінде көптеген жеттістіктерге жеттік. Сол жеттістіктер арта берсін.


 Мерекелік кеш ары қарай концерттік бағдарламаға ұласты. Қала тұрғындары мен қонақтары патриоттық рухтағы «Ата заң», «Атамекен», «Қазақ елі», «Жаңа Қазақстан» сынды әндерді тыңдап, «Дала даналығы», «Қазына», «Яссы» би ансамбльдерінің өнерін тамашалады. Сондай-ақ, «Көшпенділер», «Қыран бүркіт», «Алаш ұраны» сияқты ұлттық шығармалар көпшілік көңілінен шықты.