Айырбастау пункттеріне жаңа талаптар енгізілді. Енді валюта бағамы көшеде көрсетілмейді. Жол жиегіндегі тақталарда жариялауға тыйым салынды. Жаңа ереже бойынша, бағам тек айырбастау пунктінің ішінде немесе касса жанында ғана ілінеді.


 Қаулы 10 шілдеде жарияланғанымен, ресми түрде 9 қыркүйектен бастап күшіне енді. Енді валюта бағамын тек мекеме ішінде немесе кассада ғана көруге болады. Мұндай шешім қозғалыс қауіпсіздігіне байланысты қабылданған. Мамандардың айтуынша, көшеге қойылған таблолар жүргізушілердің назарын бұзып, жолда қауіп төндірген.