Шардарада ескі су тазарту жүйесінің тозуы халықты жаз айларында ауыз сумен қамтуға кедергі келтіреді. Аталған мәселені шешу үшін құны 16,9 млрд теңгені құрайтын «Шардара топтық су құбыры» жобасы іске асырылмақ. Бұдан бөлек, жалпы облыста ауыз су сапасы, жеткізілу уақыты, инфрақұрылымның тозуы мен кей елді-мекендерде судың мүлдем болмауы сынды шешілуі тиіс өзекті проблемалар да бар.


Қазір облыста елбасының 2025 жылдың соңына дейін халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы қатаң бақылауға алынған. Өңір бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Қазір 542 мыңға жуық тұрғын 100% ауыз сумен қамтылып, 756 ауылдық елді мекеннің 98,1%-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіліп отыр.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Тұрғындарды тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу, оны шешуді тапсырамын .Аяқталуы жыл соңынан кейін жоспарланған нысандардың құрылыс жұмыстарын сапалы, әрі өз мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. 


Ал, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, Шардарада ескі су тазарту жүйесінің тозуы жаз мезгілінде халыққа тұрақты су беруге кедергі келтіріп отыр. Бұл мәселені шешу үшін жалпы құны 16,9 млрд. теңге болатын «Шардара топтық су құбыры» жобасы іске асырылуда.


ТОҚТАР ҮСІПӘЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

 Мәселені шешу үшін топтық су құбырын салу, бірінші кезек су құбыры. 2025 жылға 2, 83 млрд теңге қаралып, мердігер алтын констракшнс нысан 2026 жылға өтпелі. 1 қыркүйектегі жағдай 4.8 млрд қаржы игерілді. Мердігер мекеме тарапынан 26 шақырым су құбыры салынып, водазабордың құрылысы жүргізілуде. 


 Ауыз суды кестемен алатын ауылдардың мәселесі – жіті назарда. Жалпы, облыста 756 ауылдық елді мекен су құбырына қосылған болса, соның ішінде 192 елді мекенге ауыз су кестемен беріледі. Оның негізгі себептері ретінде жер асты суларының төмендеуі, су тазарту қондырғыларының қуаты жеткіліксіздігі, инфрақұрылымның тозуы, судың үнемсіз пайдаланылуы аталды. Мысалы, Сауран ауданы Оранғай ауылында тартылған су жүйелері қараусыз қалып, жабдықтар ұрланған.