Мектептерде «Прокурорлық сағат» басталды. Құзырлы орган қызметкерлері оқушылармен жүздесіп, құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған тәлім өткізуде.
Жоба жаңа оқу жылының басталуына орай қолға алынды. Қала прокуратурасы құқық қорғау саласының ардагерлері және уәкілетті органдармен бірге Шымкенттің 290 мектебінде кездесу ұйымдастырды. Мақсат - жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу.
БЕКЖАН БАТЫРБЕКҰЛЫ, ҚАЛА ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бұл іс-шара бүкіл қала аумағында тұрақты түрде жүргізіледі. Құқық қорғау ардагерлері де атсалысуда.
Жастардың ортасы олардың мінез-құлқына әсер етеді. Құрбы-құрдастарының дұрыс бағытта болуы қылмыстың алдын алады. Кездесуде оқушылар да өз пікірлерін айтып, қатарластарын заңсыз әрекеттерден аулақ болуға шақырды.
АРУЖАН ӘЛЖАН, «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.
Жиынның мақсаты - жастарға дұрыс бағыт көрсету. Құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары айтылып, «Айдос» жобасы таныстырылды.
Шараға білім басқармасы мен оқушылар белсене қатысты. Сонымен қатар TikTok-тағы «IDos» аккаунты таныстырылып, әлеуметтік желі арқылы жасырын хабарласу жолдары түсіндірілді. «Прокурорлық сағат» - жас ұрпақтың қауіпсіздігі мен болашағына қосылған маңызды қадам.