Бүгінгі жолдауда айтылған бастамаларды ел парламенті сенатының депутаттары да қолдайды. Президент айтқан маңызды бағыттар мен шешімдер мемлекеттің дамуына оң ықпал етеді дейді.



СҮЙІНДІК АЛДАШЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

«Қазіргі заманның талабына сай жасанды интеллектімен бүкіл цифрландыруды дамытуымыз керек. Осы тек ғана жасанды инттелектімен цифрландыру аясында ғана еліміздің экономикалық салада кең жол ашылатынын бәріміз түсініп отырмыз».



НҰРТӨРЕ ЖҮСІП ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

 «Елдің дамуы үшін,жас ұрпақтар келеді ғой, заман өзгереді. Сондықтан бір палаталы парламент тиімді деп, реформа арқылы, конституциялық өзгерістер жасалатын жағдайда қалыпты ждағдай деп есептеймін».