Иә, Мемлекет басшысы өз жолдауында бірқатар маңызды мәлімдеме жасап, ел болашағына қатысты міндеттерді айқындады. Президент энергетика мәселесіне де тоқталды. Қазірден екінші және үшінші атом станциясының құрылысын жоспарлау ісіне кірісу керектігін айтты.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажет деді. Ол үшін агро саладағы өңдеуші кәсіпорындарды көбейтуге екпін берілмек. Осы саладағы өзекті мәселелер ретінде Мемлекет басшысы агрохабтар және логистика орталықтарын дамыту екендігін айтты. Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы ғылымын дамытудың нақты жоспары қажет. Бұл құжат цифрлық технологияларды қолдануға және осы саланың өнімділігін едәуір арттыруға арналған жоспар болуға тиіс деді Президент. Ал игерілмей бос жатқан және заңсыз алынған ауыл шаруашылығы жерлерін кері қайтарып, бөлу туралы тапсырма берілді. Жердің қадірін білетін азаматтарға ғана беру керек деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Тағы бір маңызды бағыт логистика. Қазақстан арқылы шығыс-батыс дәлізі, оңтүстік-солтүстік сауда жолы өтуде. Президент сөзінше Қазақстан Еуразиядағы маңызды транзит жолына айналуда. Биыл Достық-Мойынты бағыты арқылы салынған жолдың құрылысы аяқталуда. Осылай деген Мемлекет басшысы Сексеуіл-Бейнеу жолының құрылысын жылдамдатуды тапсырды.