Шымкент қалалық Әл-Фараби ауданы әкімдігі мегаполисте ауқымды сенбілік өткізді. Ұйымдастырылған шара «Таза Қазақстан» бастамасы аясында іске асып отыр. Тазалық шарасына аудандық әкімдік және прокуратура қызметкерлері, сарбаздар, коммуналдық шарушылық қызметінің өкілдері және қала белсенділері қатысты. Толығырақ тілші материалында.
Кезекті сенбілік мегаполистің Сауле шағын ауданында өтті. Тазалық күніне жиналғандарға қолғап пен қап таратылып, төрт топқа бөлінді. Сенбілік 148 мектептің алдын қоқыстардан тазалаудан басталды. Сол маңдағы көше бойы, бос жатқан жер арнайы техника арқылы тегістелді.
МАРАТБЕК МЫҚТЫБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Жыл басынан бері бұл алтыншы сенбілік болып келе жатыр. Бұны ары қарай жалғастырамыз. Бұдан бөлек апта ортасында қоқыс қатты шашылып кеткен жерлер де біздің өзіміздің КГУ бар, әкімшілік тарапынан, сол жердегі жергілікті тұрғындармен де осындай сенбіліктер жасалып отырады.
Заң мен тәртіп және нөлдік төзімділік қағидаты аясында қала прокуратурасы мен әкімдігі арасында есірткі заттарының алдын алу, басқа да құқықбұзушылықтарды болдырмау негізінде мемарандум түзілген. Мұнда коммуналдық қызметкерлер тазалық сақшылар аталып отыр. Олар қала аумағында болған заңсыз күл-қоқыстарды тастау, есіктік жарнамалары туралы деректерді полицияға хабарлайды.
СӘБИТ ТӨЛЕГЕНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жалпы Әл-Фараби ауданының полиция басқармасына 500-ге жуық хабарламалар түсіп, олардың қарау нәтижелері бойынша 400-ден астам хаттамалар толтырылған және қылмыстық істер қозғалған фактілер орын алуда. Сонымен қатар есірткі жарнамаларын өшіру барысында 1500-ға жуық есірткі жарнамалары өшірілді. Осы жұмысты ары қарай жалғастыру мақсатында бүгінгі күні аудандық әкімдікпен бірге сенбілік ұйымдастырылып, сол іс-шараға қатысып отырмыз.
Бұндай ауқымды сенбілік жыл басынан бері алтыншы рет ұйымдастырылып отыр. Жиналған қоқыстар арнайы техникалар арқылы шығарылды. Тазалық акциясы апта сайын жалғасын атабады.