Ордабасы – облыстың экономикалық драйверіне айналуы тиіс! Осылай деген Нұралхан Көшеров ауданды аралап, аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалы мен негізгі проблемалары, даму перспективаларын кеңінен талқылады. Өңір басшысы аудан әкімдігі мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеп, жауапкершілікті күшейтуді талап етті.


Облыс әкімі алдымен мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысына жан-жақты талдау жасады. Әсіресе, салық түсімдерін арттыру, кірістерді заңдастыру, ауылдық округтердің қаржылық тәуелділігін төмендету мен қоса жергілікті жобаларды тиімді іске асыру сынды мәселелерге ерекше назар аударды.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жалпы Ордабасы аудан экономикасын әрі қарай дамыту. Толық мүмкіндіктің бәрін пайдалану, аудан тұрғынедарының әл-ауқатын көтеруіміз керек. Жұмыс орындарын ашу керек. Жалақыларын көтеру керекпіз .Соның арқасында барлығы өзгереді деп ойлаймын. Әл ауқат жоғары, барлық мүмкіндіктер бар. 


Жиын барысында ауданға инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу, жұмыссыздықты азайту мәселелері де көтерілді. Сонымен қатар, Ордабасы ауданының туризм саласындағы әлеуеті кеңінен сөз болды. Нұралхан Көшеров туристік нысандар инфрақұрылымын жақсарту, қызмет көрсету сапасын арттыру және санитарлық тазалықты күшейту бойынша нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, Ордабасы ауданын облыс бойынша экономикалық драйверге айналдыру қажеттігін айрықша атап өтті. Әсіресе, кәсіпорындардың салықтан жалтаруы мен әлеуметтік төлемдердің толық төленбеуі сынға алынды.


 АЗАТ ОРАЛБАЕВ, ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Жергілікті кірістер жыл сайын артып келеді. Биылғы жылдың кірістері өткен жылмен салыстырғанда 1 млрд 209 млн теңгеге арттырылды. Бюджет көлемі 19 млрд 789 млн, оның ішінде өзіндік кірістер 7 млрд 827 млн теңге.


 Кездесу соңында облыс әкімі барлық деңгейдегі басшыларды бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Мәслихат депутаттарына инвестициялық жобаларды қолдау, округтердегі әлеуетті бастамаларды зерделеу міндеттелді.