Елімізде жасанды интеллект және цифрлық даму министірлігі құрылады. Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек,-деді Президент. Мемлекет басшысы жаңа технологияның экономика, білім, медицина, мемлекеттік басқару сияқты салаларға оң әсер ететініне сенімді. AI жүйелерін енгізу мол мүмкіндіктерге жол ашатыны анық. Мәжіліс депутаттары да бұл бастаманы қолдап отыр .



АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

 Әлемді өзгертетін ең басты фаткор бүгінде жасанды интеллект. Көп мемлекеттер оған әлі икемделген жоқ. Біз оны тек қана икемделіп қана қоймай, оны нақты әр азаматтың өміріне қалай енгізіміз деген мәселені бүгін мемлекет басшысы тіпті, әлеуметтік жүйеге, фармацевтикаға, тұрғын үйге, логистикаға барлық салаға енгізу керектігін айтып, нақты жолдарын көрсетті.


ЕРМҰРАТ БАПИ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Әлемдік өркениеттің даму көшінен қалмаудың амалын қамтып жатқаны, қам жасап жатқанының белгісі. ++Кеше біз мынау майнингтен қалып қалдық, криптовалютодан қалып қалдық. Сол сияқты біз әлемде, қоғамда қалыптасып жатқан трансұлттық мәселелерден қалмауымыз керек.))



ПРЕЗИДЕНТ: СУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАСЫН ЖАСАУ КЕРЕК


 Сондай-ақ күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселенің бірі - су үнемдеу технологиясы. Мемлекет басшысы су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын жасауды тапсырды. Себебі қазір құзырлы органдарда еліміздегі су ресурстарының қолжетімді көлемі туралы нақты мәлімет жоқ. Оны есепке алу технологиясы әбден ескірген. Кейбір каналдағы судың 50-60 пайызы далаға кетіп жатыр. замануи технология негізінде жерүсті және жерасты сулары туралы мәлімет жинақталады. Жоба іске қосылғанда гидрогеология мониторингі, яғни бақылау жұмысына қатысты мәселе толық шешімін табады.


ЕРБОЛАТ САУРЫҚОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Қазіргі өзіміз білетін, үлкен үлкен мемлекеттер, мысалы Африка құрлығында, Азия құрлығында, Америка құрлықтарында жалпы мұхит көл болғанымен, ауыз су мәселесі өте қиындап бара жатыр. Сондықтан бұл мәселе біздің Азияда да алдағы уақытта орын алады. Сондықтан президенттің осы суға байланысты айтылған мәселесі, бүгін менің көңілімнен шыққан ең үлкен бастама болды.