Кәмелет жасқа толмағандардың түнгі уақытта көше кезуі тыйылмай тұр. Жасөспірімдер көбіне ойын клубтары мен кафе-барларда жиі кездеседі дейді полиция өкілдері. Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері рейд ұйымдастырып, түнгі мезгілде жүрген жастардың ата-аналарына айыппұл салды.


Тексеру барысында кафе-барлар мен ойын-сауық орындарынан 15-ке жуық құқықбұзушылық анықталды. Оннан аса әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Көңіл көтеру орындарында қорқор ұсынған кәсіпкерлерге де әкімшілік шара қолданылатыны айтылды. Полиция өкілдері заңға бағынуға және денсаулыққа зиян әдеттен бас тартуға шақырады.


САПАРБЕК КӨШЕРБАЕВ, АБАЙ АУДАНДЫҚ ПБ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ПОЛИЦИЯ МАЙОРЫ

 Абай ауданында түнгі клубтар мен ресторандарда қылмыстың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара жүргізілуде. Кәмелет жасқа толмағандардың заңды өкілінсіз жүруіне, сондай-ақ кальян шегуіне заң бойынша тыйым салынған. Бұл талапты бұзғандарға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 441-бабы бойынша шара қолданылады. Балаларыңыздың түнгі уақытта қараусыз жүруіне жол бермеңіздер.