Қазақстан халқы тілдері күні қыркүйек айының басынан тойланып келеді. Айтулы мерекеге орай түрлі шаралар легі әлі де жалғасын тауып жатыр. Облыстағы «Тілім» деп шыр-пыр қағып жүрген бірқатар азаматқа құрмет көрсетіліп, ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің төсбелгісі мен Құрмет грамоталары және Алғыс хаттар табыс етілді.
Мереке қарсаңында облыстағы тілдерді оқыту орталықтары арасында «Үздік орталық», «Үздік жарнама» байқаулары ұйымдастырылған. Сайыс нәтижесі бойынша таңдаулы 5 орталық пен 3 аудан оқ бойы оза шапты. Қазақ тіл білімінің дамуы мен туыс тілді аудиторияға кеңінен жеткізудегі қажырлы еңбегі еленгендердің қатарында Қарлығаш Қадашқызы да бар. Ол талай жыл тіл мәртебесін көтеруге үлес қосып, шет мемлекеттерден келген өрендерді қазақша сөйлетті.
ҚАРЛЫҒАШ ҚАДАШҚЫЗЫ, ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР
Мерекелік шарада төсбелігіні мәне кріп тұрсыздар.Алдым. Сол бабамыз армандап кеткен, тіліміздің дамуына үлес қосып кеткен Өзінің алғашқы әдістемелік еңбектерін жазып кеткен, жолына жаңбырдың тамшысындай ғана үлес қосып жүрген жайымыз бар. Шетелдіктер де қызығушылық танытып, білгілері келіп жатыр .Осының барлығы біздің тіліміздің керемет, бай, әрі қажет әрі сұранысқа ие, мәртебесі биік екендігін көрсетеді.
Іс-шараға келушілер бұдан бөлек, аудан, қаладағы орталықтардың дайындаған көрмесін тамашалады. Содан соң концерттік бағдарламаға ұласып, өңірдің өнерпаздары көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Айта кетсек, өңірде жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесінде, мемлекеттік тілді еркін меңгерген тұрғындар үлесі 92 пайызға жеткен. Ал, орыс тілін меңгергендер – 64%, ағылшын тілін білетіндер – 16,2 пайыздан асқн.
НҰРГҮЛ ЖАҚСЫЛЫҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОНОМАСТИКА БӨЛІМІНІҢ БАШЫСЫ
Ең ерекше атап өтетіні, ҚР жоғары министрінің ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының төс белгісі осы мереке аясында облыстағы тілдерді оқыту орталықтары арасындағы байқаудың жеңімпаздары да марапатталды.
Бүгінде облыста мемлекеттік тілді кеңінен насихаттауға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылуда. Елімізде сан алуан этностардың мәдениетін сақтауға және дамытуға да мүмкіндік жасалған. Өңірде 11 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Ал қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйренуге ынталы азаматтар үшін облыс аумағында тілдерді тегін оқытатын 17 орталық жұмыс жүргізуде.