Шымкентте Отбасы банктің жаңа кеңес беру орталығы ашылды. Енді үйді рәсімдеу тұрғындар үшін әлдеқайда жеңіл болмақ. Орталық мегаполистегі құрылыс компаниясының сату бөлімінің ішінде орналасқан. Арна тілшісі ашылу рәсіміне қатысып қайтқан болатын. Назарларыңыз сюжетте болсын.


Жаңа кеңес беру орталығы құрылыс компаниясы сату бөлімінің жанынан ашылып отыр. Банк өкілінің айтуынша бұл аумақта кеңес беру орталығы жоқ. Орталықтың мұндай жерлерден ашылуы сатып алушыларды ары-бері сандалтпайды.


ЕРКІН АҚЫНШАЕВ, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 Сату орталығы бұл жерде ашылғаны Шымситида. Шымситида біздің филиал жоқ. Осы жерде кеңес орталығы болады. Клиенттер ары қарай барып уақыт жоғалтпайды. Осы жерде мақұлдамасын алып, үй қарастыра берсе болады. Қазіргі таңда осы 25 жылы өткен Наурыз бағдарламасы бойынша бізден мақұлдаманы алып, үй іздестіріп жүрген болса ол клиенттерде осында жүгінсе болады. Қамқор бағдарламасымен жұмыс жасап жатырмыз. Олар бойынша мақұлдама алса, осында қарай алады. 50 де 50 бағдарламасы күнделікті болып жатқан бағдарлама. 50 пайызын салып қойып, бағалау көрсеткіші келген болса, қарастыра беруге болады, дайынбыз. 


 Мұнда келушілер бірден төлем қабілетін өтіп, депозитін тексеріп, мақұлдаманы алып, бірден пәтер таңдап, рәсімдеуге көшсе болады. Отбасы банк қазір Шымкент қаласы бойынша 20-дан астам құрылыс компаниясымен жұмыс жасап отыр.


ЕРМЕК ЖҰМАХАНҰЛЫ, GBG ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Отбасы банкпен бізде келісім шартымыз бар. Біздің сату бөлімінен олар өздерінің кеңсесін ашты. Бәдібек би 116 корпус 4, осында келіп мәлімет алуларыңызға болады. Отбасы банк менеджерлері осында отырады, келіңіздер. Толық осында мәлімет береміз. 


 Ағымдағы жылы банк арқылы Шымкент қаласы бойынша 1200-ден астам үй рәсімделген. Бұл Отбасы банктің 15-ші кеңес беру орталығы. Бәйдібек би даңғылы 116 мекен-жайы бойынша орналасқан.