«Шымқала кештерінде» қала тұрғындары «Шымкент цирк» өнер ұжымының қойылымын тамашалады. «Арбат» демалыс аймағының қонақтарын әсем әнге бөлеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қала тұрғындары мен қонақтарына демалыс күндерін мәнді өткізу мақсатында ұйымдастырылған ән-жыр кеші біраз уақыттан бері тұрақты өткізіліп келеді.
Шымкенттіктер үшін сенбі-жексенбінің кеші әркез көңілді. Жаздың алғашқы айында басталған «шымқала кеші» концерті қаладағы демалыс аймақтарында қатар өткізіліп келеді. Кеште «Шымкент концерт» концерттік ұйымының әншілері эстрадалық әндер орындап, әуезді әуен көрерменге ерекше әсер қалдырды.
БАҚДӘЛЕТ НҰРМАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Сенбінің кешін асыға күтетін болдық. Жазғы уақытта басталған осындай кештің жалғасын тауып жатқанына қуаныштымыз. Қаланың мәдениетінің өсіп, көркейгені көңіл қуантады
«Арбат» қонақтары үшін жексенбіде тегін цирк қойылды. Онда өнер иелері тұрғындар мен кішкентай бүлдіршіндер үшін өнер көрсетіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
СҰЛТАНХАН АМАНОВ, «ШЫМКЕНТ-ЦИРК» МКҚК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Әр апта сайын келеміз. Өткен жолы орталық саябақта тұрғындарға концерт бердік. Жалпы тұрғындар да қуанып жатады. Шынымен тегін ба деп сұрайды. Оларға да ыңғайлы. Қасымыздан кетпей, соңына дейін көреді.
Жаздың жайма шуақ күні кетіп, күздің ызғары сезіле бастағанда, ашық аспан астында шырқалған әсем ән көпшілікті жан жылуына бөледі. Көрермен қошеметі, соғылған шапалақ, бәрі де жарасым тауып, кештің сәнін кіргізді.