«AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған жас ақындар мен жазушылар арасындағы әдеби-шығармашылық байқаудың қорытындысын шығарды. Байқаудың мақсаты – қазіргі қазақ әдебиетін дамыту, кітап оқу мәдениетін насихаттау және өңірлердегі талантты жас қаламгерлердің еңбегін бағалау.


 Дода үш номинация бойынша өтті: поэзия, проза және балаларға арналған шығарма. Шығармалар сатира сардары Көпен Әмірбектің 75 жылдығына, белгілі жазушы Мархабат Байғұттың 80 жылдығына және әдебиет жанашыры Төрегелді Байтасовтың 70 жылдығына арналды.


ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, AMANAT ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жас қаламгерлер үш негізгі номинацияда – поэзия, проза және балаларға арналған шығарма жанрларында бақ сынады. Байқауға ұсынылған туындылар қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларына арналды. Бұл жас авторлардың қаламын шыңдауға үлкен мүмкіндік берді.


ДАРИЯ ҚОЖАМЖАРОВА, «ҰЛТТЫҚ МҰРА» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ АМБАССАДОРЫ

Әдебиет – елдің рухани байлығы мен мәдениетінің айнасы. Осыны негізге алған «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалы «Ұлттық мұра» жобасы аясында ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған байқаудың қорытындысын жариялады.


 Әдеби бәйгеге 18 бен 45 жас аралығындағы 15 автор қатысты. 16 маусым мен 16 тамыз аралығында комиссия мүшелері шығармаларды сараптап, үздіктерді анықтады. Поэзия бағытында I орын Ербек Бәкиевке бұйырды.


ЕРБЕК БӘКИЕВ, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ

Бұл байқау жас буынның қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларын құрметтеп, олардың мұрасын жаңа қырынан танытуына жол ашты.


 Әдеби доданың басты мақсаты – қазақ әдебиетінің дамуына серпін беру, кітап оқу мәдениетін дәріптеу және өңірлердегі жас қаламгерлердің еңбегін бағалау. Байқауға қатысушылардың әрбір туындысы ұлттық құндылықтарды арқау етіп, жасампаз ойларымен ерекшеленді.