Қазақстан технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекет болуды көздейді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бүгінгі Президент Жолдауына қатысты осындай пікір білдірді.
Оның айтуынша, Биылғы Жолдаудың біріктіруші идеясы – цифрландыруды кең көлемде дамыту және жасанды интеллектіні жаппай енгізу. Мемлекет басшысы экономиканың түрлі салаларына цифрландыру мен жасанды интеллект құралдарын жеделдетіп енгізу міндетін жүктеді. Осы орайда Жасанды инттелект және цифрлық даму министрлігі құрылмақ. Мақсат – Президент айтқандай алдағы үш жылда елімізді толықтай цифрлық мемлекетке айналдыру. Ерлан Қаринның сөзінше, Қазақстан жаңа технологияларды дамыту мен енгізуде кешенді әрі жүйелі шешімдер қабылдаған әлемдегі алғашқы елдердің бірі.