Ілеспе газ бен сұйытылған мұнай газын қажетке жарату мәселесін түбегейі қайта қараған жөн. Оны толыққанды экономикалық ресурсқа айналдыру қажет.
Бұл туралы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жолдауында айтты. Президенттің сөзінше, инвесторлар жобаларды жүзеге асырған кезде газ шикізатынан тапшылығын көріп отыр. Сондықтан, бұл мәселені де шешу жолдарын табуымыз керек, инвесторларды ұзақ уақыт газбен қамтамасыз етуге нақты кепілдік беретін жаңа тәсілдер ойластырған жөн.