Қонақүйде жатуы, көлікті пайдалануы, түрлі кәдесыйлар алуы немесе басқа да қосымша сервистерді қосқанда бір турист мегаполистің қазынасына бір күнге 45-50 мың теңге табыс әкелетін көрінеді. Былайша айтқанда, бір туристің бір күндік шығыны шамамен 100 долларды құрайды.
Туристерді қызықтыратын Шым¬кент¬¬тің тағы бір ерекше қасиеті – гастроно¬миясы. Өйткені мегаполисте шығыс асха¬на¬сының исі мен дәмі сезіліп тұрады. Қалада тамақтанудың үш түрлі дең¬гей сатысы бар. Бұл – біріншіден, қымбат мейрамханалар. Мұндағы бір реттік тамақ¬тану¬дың чек бағасы 10 мың теңгеден бас¬талады. Екіншіден, бағасы орта дәмхана¬лар желісі.
Жалпы, «Visit Shymkent» мекемесі туристік саланы дамыту мақсатында қыз¬мет атқарады. Оның ішінде туристерге ақпарат беру, туроператорларды бір-бірі¬мен байланыстыру секілді міндеттерді мойнына алған. Сондай-ақ туриндустрия саласында кәсіп бастап, туроператорлық немесе турагенттік бизнес ашамын деген кісілерге лицензия әперу, құжат рәсімдеу жағынан көмек көрсетеді. Ресми мәлімет бойынша қалада 140-тан аса қонақүй, 100-ден көп туристік оператор мен агенттік бар.